Среда, Июнь 26, 2019
Басты > Хабарландырулар > Жұбанов университеті бос қызметтерге байқау жариялайды

Жұбанов университеті бос қызметтерге байқау жариялайды

К. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны төмендегі  бос қызметтерге конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан мекен-жайы: ндексі 030000, Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 263 үй.

 

Факультет деканы  – 1 (бір) бірлік 
1 Техникалық факультет деканы 1 (бір)
Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі ) білімі, ғылыми дәрежесі және білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 5 жыл, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарының өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс.

 

Кафедра меңгерушісі -9 (тоғыз) бірлік

 

1 Информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасы 1 (бір)
2 Химия және химиялық технология кафедрасы 1 (бір)
3 Ағылшын және неміс тілдері кафедрасы 1 (бір)
4 Көлік, жол қозғалысы және құрылыс кафедрасы 1 (бір)
5 Көркем еңбек және дизайн кафедрасы 1 (бір)
6 Музыка және хореграфия кафедрасы 1 (бір)
7 Қаржы есебі және маркетинг  кафедрасы 1 (бір)
8 Тарих және дінтану 1 (бір)
9 Дене тәрбиесі және спорт 1 (бір)
10 Физика кафедрасы 1 (бір)
Кафедра меңгерушісі біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесі және кемінде 5 жыл білім беру ұйымдарында басшы қызметтегі немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі болуы тиіс.

 

Кафедра доценті  –  2 (екі)  бірлік

1 Физика кафедрасы 1 (бір)
2 Қазақ әдебиеті кафедрасы 1 (бір)
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын тараптар:  жоғары білімі, ғылыми атағы,  кемінде аға оқытушы қызметінде — 3 жыл ғылыми-педагогикалық  еңбек өтілі болуы.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік  14 ( он төрт ) күн ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды тапсыру мекен жайы: Ақтөбе қаласы, ағайынды Жұбановтар көшесі,263, кабинет 2, тел: 8 (7132) 55-24-68.