Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбелік студенттер универсиаданың күміс жүлдесін иеленді

Ақтөбелік студенттер универсиаданың күміс жүлдесін иеленді

Ақтөбелік студенттер облыс тарихында бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді.  10-шы жазғы универсиаданың қорытындысы бойынша, Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті командалық есепте  екінші жүлделі орынға ие болды. Бүгін жоғары оқу орнының үздік спортшыларын университет ректоры жеңістерімен құттықтап, қаржылай сыйлықтармен марапаттады. 3 сәуірде  бастауын алған жазғы универсиадакүні кеше мәресіне жетті. Екі айдан астам уақыт бойы студенттер бірнеше спорт түрінен өзара мықтыны анықтады.  Ақтөбелік команда  спорттың 20 түрі бойынша бақтарын сынады. Нәтижесінде,  Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің спортшылары  21 алтын, 11 күміс және 16 қола медаль иеленіп, командалық есепте 2 орынға ие болды. Өйткені,  команда болып, өзге қалаларға жарысқа бару- үлкен қаражатты талап етеді.  Сондықтан универсиаданың өз өлкемізде өтуі-   студенттердің сайысқа кең көлемде қатысуына ықпал етті дейді  жоғары оқу орнының ректоры. Сондай-ақ,  биылғы шара Ақтөбеден бөлек,  Алматы, Орал, Шымкент, Өскемен, Семей  және Тараз қалаларында өтті.  Байрақты бәсекеге  еліміздегі 62 жоғары оқу орнының командалары қатысты.Университеттің 4- курс студенті, спорт шебері  Әл Фараби Бимағанбет өткен жылы Павлодарда өткен 9-шы  универсиадада белбеу күресінен күміс жүлдеге ие болған еді. Биыл дайындығын пысықтап,    қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, алтыннан алқа тақты.Жүлделі орынға ие болған жүлдегерлерге жоғары оқу орнының басшылығы да құрмет көрсетті. Спортшылар мен олардың бапкерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды. Республикалық универсиаданың жеңімпаздары енді Италияның Неаполь  қаласында өтетін  30-шы  жазғы Бүкіләлемдік Универсиадада ел намысын қорғайды.

Гүлдана Абайқызы

http://aktobetv.kz/kz/news/society/aktobelik-studentter-universiadanyn-kumis-zhuldesin-ielendi