Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > Жаңалықтар > Екі күнге арналған республикалық семинар өз мәресіне жетті

Екі күнге арналған республикалық семинар өз мәресіне жетті

Жұбанов университетінде өткен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбындағы  республикалық шара латын негізді қазақ әліпбиінің заңдылықтары мен емле ережелерін түсіндіруге бағытталды.

Аталмыш шараны Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы Ш.Шаяxметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлескен түрде ұйымдастырды.
Семинардың  мақсаты — қазақ әліпбиі мен ережелерінің құрылымын, жаңалықтарын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау.
Екі күнді қамтыған шараға өңірдегі жоғары оқу орындары мен орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, әр түрлі мекеме қызметкерлері қатысты.

Шара барысында Ақтөбе облысы бойынша әр түрлі сала қызметкерлерінен 60-қа жуық тренерлер дайындалды. Семинар барысында Ш.Шаяxметов атындағы «Тіл-қазына» республикалық ғылыми орталығының ғалым-қызметкерлері Сая Ағанасқызы мен Гүлфар Мәжитқызы, сондай-ақ, Тілдерді оқыту орталығының әдіскер мамандары Гүлайым Мұxамбетсадыққызы мен Алтынгүл Өтәліқызы жаңа емле ережерін жан-жақты талқылап, түсіндіріп, тәжірибе жүзінде пысықтады.

12 сағаттық семинарды аяқтаған мамандар тренерлік сертификатқа ие болды.