Суббота, Декабрь 7, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Талапкер — 2019

Талапкер — 2019

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университеті талапкерлерден құжат қабылдауды бастады. Былтыр бес мың мектеп түлегі білім ордасына түсуге өтініш білдірген. Биыл талапкерлердің санын 6000-ға жеткізу жоспарда бар,-дейді қабылдау комиссиясының өкілдері.

Қабылдау комиссиясының алдына құжаттарын алып бүгін Аңсат Бергенов те келді. Талапкер бала кезінен қазақ әдебиетіне құмар болып өскен. Фиология мамандығын таңдап отыр.  Болашақта ғылым жолын қуып, ұстаздық еткісіз келеді.

Заман талабына сай университет сандық форматқа көшкен еліміздегі санаулы білім ордаларының бірі. Осы сандық жүйе арқылы жүзеге асқан жобалардың бірі — онлайн құжат қабылдау.

Жауапты қызметкерлердің сөзінше, биылғы құжат қабылдау жұмысына бірқатар өзгерістер енген. Солардың бірі педогикалық мамандықты таңдаған талапкерлерге қатысты.

Талапкерлерге университет 77, ал оқу орыны жанындағы колледж 22 мамандық түрін ұсынады. Құжат қабылдау 20 тамызға дейін жалғасады.

АЗАМАТ ӘБІЛҚАЙЫР

http://aktobetv.kz/kz/news/society/talapker-2019