Среда, Октябрь 16, 2019
Басты > Жаңалықтар > Бүгін — Дүниежүзілік туризм күні

Бүгін — Дүниежүзілік туризм күні

Дүниежүзілік туризм күні 1979 жылы Испанияның Торремолино қаласында Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас ассамблеясының ІІІ сессиясында бекітілген. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген.

Мерекенің басты мақсаты — туризмді насихаттау, оның әлемдік қауымдастық экономикасына үлесін жариялау, түрлі елдердің халықтары арасындағы байланысты дамыту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени, экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу. Кей мемлекеттер үшін, туризм маңызды экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады. Бұл мейрам әлем елдерінің көпшілігінде тойланып, туристер басқосуы ұйымдастырылып, мерекелік шаралар мен фестивальдер өткізіледі. Дүниежүзілік туризм күнін әлемнің көптеген елдері 30 жылдан астам уақыт атап өтуде. Мереке жыл сайын Бүкіләлемдік туристік ұйым жариялаған тақырып бойынша аталады.

Дүниежүзілік Туризм күні – барша халықтың тарихи-мәдени құндылықтарымен танысып, таңғажайып табиғатпен сырласып, демалуына мүмкіндік жасайтын туристік қауымдастықтар мен саяхатты ұйымдастырушы кәсіби қызметкерлердің халықаралық мерекесі.

Жұбанов Университетінде туризм мамандығы 2010 жылы ашылды. Содан бері қаншама түлектер университетті бітіріп, еліміздің туризм саласына өзіндік үлестерін қосуда. Бүгінгі айтулы күнмен университетіміздің туризм мамандығы студенттерін құттықтаймыз!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.