Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жүлдемен оралды

Жүлдемен оралды

2019 жылы 26 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР БжҒМ Ғылым комитеті Мемлекет тарихы мен «Білім-өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған «Үздік ғылым кандидаты — 2019» республикалық байқаудың қорытындысы өткен болатын.

Аталмыш шараға республиканың барлық аймақтарынан 525 ғылым канидидаттары өз құжаттарын жолдаған, оның ішінен 135 ғылым кандидатының жұмыстары «үздік» деп танылған.

Олардың қатарында Жұбанов университетінің тарих факультетінен 4 ғылым кандидаты Нұрлыгүл Сапаққызы Аликулова, Александр Леонидович Перевезенцев, Үмбетхан Қуандықұлы Сәрсембин, Зада Нұрмұханқызы Хибина байқау жеңімпазы атанып, арнайы дипломдар мен төсбелгілермен марапатталды.