Среда, Октябрь 16, 2019
Басты > Жаңалықтар > Қос университет арасындағы ынтымақтастық артады

Қос университет арасындағы ынтымақтастық артады

Бүгін Қытай Халық Республикасының  Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің өкілдері  Жұбанов университетінің басшылығымен және Конфуций институтының қызметкерлерімен кездесті.

Ақтөбеге арнайы келген Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің ректоры, партком хатшысы, профессор Гэ Гуо, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті ғылыми-зерттеу орталығының директоры Чжао Гуочун, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті профессоры Ху Гуолиан, Синьцзян қаржы-экономикалық университеті мәдениет және аппараттандыру институты директорынң орынбасары Цзян Хончжун  бірлескен жобаларды жүзеге асыруға байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Айта кету керек, өткен аптада Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің өкілдерімен кездесу барысында екі университет арасындағы ынтымақтастықтың нысандары мен бағыттары, профессор-оқытушылардың біліктілігін арттыру, студенттердің оқу және тіл практикасынан өту, МВА программасы сынды мәселелер талқыланған болатын.

Бүгінгі кездесуде проректор Қуанышбек Шүңкеев Жұбанов университетінің басшылығы атынан сөз сөйлеп, университеттің халықаралық ынтымақтастық аясының кеңейетінін атап өтті.  Университет проректоры өз сөзінде 8 жылға жуық уақыт ішінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың көпірі болған Конфуций инситутының жоғары деңгейдегі қызметі туралы баяндады. «85 жылдық тарихы бар Жұбанов оқу ордасындағы Конфуций институты өткен жылғы қортынды бойынша әлемдегі форумда 525 Конфуций инситуттарының арасында үздік инситуттың бірі деп аталды. Қазақстанда біздің университеттегі Конфуций институты үздік үштікке кіретін ең бірінші орын алатын инситуттың бірі», — деді.

Кездесу барысында Синьцзян қаржы-экономикалық университетінің ректоры Гэ Гуо  екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен өзге де мәселелерге мүдделі екенін  жеткізді. Басқосу соңында қонақтар Жұбанов университетін аралап, оқу кабинеттерімен танысты.

Үш күндік сапар барысында Синьцзян қаржы және экономика университетінің делегациясы Конфуций институтының  жыл сайынғы кеңесін өткізеді, онда институттың жұмысы мен перспективалары талқыланды. Бұдан басқа,  Жұбанов университетінің экономика және құқық факультетінде  кафедра меңгерушілерімен және Ақтөбе облысының шетелдік серіктес компаниялары өкілдерімен кездесіп, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының 75 жылдығына  орай өткізілетін гала-концертке қатысады.