Суббота, Июль 20, 2019
Басты > Хабарландырулар > 3, 4-курс студенттерінің назарына!

3, 4-курс студенттерінің назарына!

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Қазақстан Республикасы Президент атындағы стипендияға құжаттар қабылдайды.

Қажетті құжаттарды білім алушыларды құжаттандыру бөліміне 2019 жылдың 15-інші шілдесіне  дейін қабылданады (№239 кабинет).

 Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау ережесі

5. Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
6. Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
7. Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
8. Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.
9. Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.
10. Стипендияларды тағайындау кезінде үміткерлерді іріктеу осы Ереженің 5, 6 тармақтарында жазылған өлшемдер тәртібінде жүзеге асырылады. Тең жағдайда басымдық:
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.