Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > 150-ге жуық спортшы шығармашылық емтихан тапсырды

150-ге жуық спортшы шығармашылық емтихан тапсырды

Кеше Жұбанов университетінің кәсіби-шығармашылық факультетінде талапкерлер үшін шығармашылық емтихандардың кезеңі басталған болатын. Бүгінде «Дене тәрбиесі және спорт» пәні бойынша шығармашылық сынақтан  150-ге тарта талапкер университеттің спорт кешенінде спорттық нормативтерді орындады.

Алғашқы күні болашақ спортсмендер жеңіл атлетикадан емтихан тапсырса, бүгін ерлер тартылу және Брусьяда бұрыш ұстау жаттығуларын орындады. Ал, қыздар денесін бүгу және ұзындыққа секіруден нормативтер тапсырды. Ертең талапкерлер арнайы (футболдан, баскетболдан, волейболдан, күрестен және т.б.) емтихан кезеңінен өтеді.

Оқуға түсушілер арасында Ақтөбе облысының барлық аудандарынан барлығы — 149 адам құжат тапсырды. Оның ішінде 136-сы күндізгі бөлімге, 13-і қысқартылған күндізгі бөлімге (3 жылдық), 78-і қысқартылған сырттай бөлімге (3 жылдық), 8-і сырттай екінші жоғары бөлімге ниеттеніп отыр. Талапкерлердің ішінде күрес, баскетбол, волейбол, гандбол, пауэрлифтинг және т.б. спорт түрлерінен Халықаралық және Республикалық жарыстардың жеңімпаздары да бар.