Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > Ректор Бауыржан Ердембеков Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды

Ректор Бауыржан Ердембеков Абай өлеңдерін оқу эстафетасын жалғастырды

Жұбанов университетінің ректоры, профессор Бауыржан Ердембеков Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтен  Абай өлеңдерін оқу эстафетасын қабылдап, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны қолдады.

Эстафетаның мақсаты – ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу.  Өз кезегінде университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы ««Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын  Жұбанов университетінің барлық ұжымына, профессорлық-оқытушылық құрамына және студенттерге жолдаймын» , — деді.

Айта кетейік, жақын күндері 9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ Абай өлеңдерінен үзінді оқып, бұл эстафетаны жалғастыруды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын.  Мемлекет басшысының Абай өлеңдерін оқу эстафетасын өз кезегінде  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ақынның «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап»  өлеңімен жалғастырып, кезекті эстафетаны еліміздің білім және ғылым саласының қызметкерлері мен ұстаздарына, жоғары оқу орындарының ректорларына және студенттер мен оқушыларына жолдады.