Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау басталды

Мемлекеттік гранттарға құжаттар қабылдау басталды

Ертең қабылдау комиссиясы мемлекеттік грантқа құжаттар қабылдауды бастайды. Биыл мемлекеттік грант мамандыққа емес, білім бағдарламалар тобына беріледі. 176 мамандық 96 білім бағдарламасына біріктірілген. Мемлекеттік грантқа ҰБТ тапсырған түлектер қатысады. Олардың баллдық көрсеткіштері 50-ден төмен болмауы қажет. Ал, педагогикалық салада 60 баллдан кем емес. Биылғы жылы техникалық, педагогикалық мамандықтарға білім гранттары басымырақ. Тегін оқу гранттарының нәтижесі 1-ші тамызда белгілі болады. Республика бойынша 52 мыңнан астам тегін оқу жолдамалары бөлінген. Ал, 5-10 тамыз аралығында жергілікті әкімдік гранттарының конкурсы жүргізіледі. Жалпы конкурсқа құжат қабылдау 20-шы шілде күні аяқталады.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/memlekettik-granttarga-kuzhat-kabyldau-bastalady