Среда, Апрель 17, 2024
Басты > Жаңалықтар > Өндірістік-тағылымдамалық практика алғашқы маусымын қорытындылады

Өндірістік-тағылымдамалық практика алғашқы маусымын қорытындылады

Жұбанов университеті мамандарды даярлаудың дуальды формасы бойынша 5В071300-«Көлiк, көлiк техникасы және технологиялары», 5В070800-«Мұнай-газ ісі», 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы», 5В072000-«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім бағдарламаларының (күндізгі бөлім) 4-курс студенттері үшін «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасындағы алғашқы ақылы өндірістік-тағылымдамалық практикасын  аяқтады.

Ағымдағы жылдың 10 маусымы мен 10 шілде аралығында Кеңқияқ кентіндегі кен орнында – 6 студент, технологиялық көлік және арнайы техника цехындағы өндірістік нысанында – 4 студент тағылымдамадан өтті.

Соған орай, 2019 жылғы 11 шілде күні «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының кеңсесінде бірінші маусымның қорытындысы бойынша кездесу өткен болатын. Оған басқарма бастығы Қуаныш Утебалиев, компания қызметкерлері және алғашқы маусымның 10 студенті қатысты. Кездесу барысында студенттерге мінездеме беріліп, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» білім бағдарламасының 4-курс студенті Жанара Досмаганбет  терең теориялық білімі мен өндірістік практикадан өтуге шығармашылық көзқарасы үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Айта кетейік, келесі 10 студент  екінші маусымдағы тәжірибеден 11 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.

Кәсіби даму және мансап орталығы