Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Магистратураға түсу шарттары

Магистратураға түсу шарттары

 Жұбанов университеті төмендегі мамандықтар бойынша магистратураға қабылдайды.

Білім

1) 6М010100 — Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

2) 6М010200 — Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

3) 6М010300 — Педагогика және психология

4) 6М010500 – Дефектология

5) 6М010800 – Дене шынықтыру және спорт

6) 6М010900 — Математика

7) 6М011000 — Физика

8) 6М011300 — Биология

9) 6М011400 – Тарих

10) 6М012000 – Кәсіптік оқыту

11) 6М012200 – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті

Гуманитарлық ғылымдар

12) 6М020300 — Тарих

13) 6М020500 – Филология

14) 6М021000 – Шетел филологиясы

Құқық

15) 6М030100 — Құқықтану

Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес

16) 6М050300 — Психология

17) 6М050600 — Экономика

18) 6М050700 – Менеджмент

19) 6М050900 – Қаржы

20) 6М051000 — Мемлекеттік және жергілікті басқару

21) 6М051100 — Маркетинг

22) 6М052000 — Іскерлік әкімшілік жүргізу

Жаратылыстану ғылымдары

23) 6М060100 — Математика

24) 6М060200 — Информатика

25) 6М060400 — Физика

26) 6М060700 — Биология

27) 6М060800 – Экология

Техникалық ғылымдар және технологиялар

28) 6М070300 – Ақпараттық жүйелер

29) 6М070900 – Металлургия

30) 6М072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы

 

Магистратура —  білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.  Магистратураға оқуға түсу Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Магистратураға түсушілер түсу емтихандарын бір шет тілінен (ағылшын, неміс, француз) және мамандық бойынша тапсырады.

 

Магистратураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет:

  • Ұйым басшысының атына өтініш (еркін нысанда);
  • Жоғары білім туралы құжаттардың нотариалды түрде расталған көшірмелері;
  • Жеке куәлігінің көшірмесі;
  • Кадрлар есебеі бойынша жеке парақ және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • 3×4 өлшемдегі 6 фотосурет;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтама (басқа жерден өткен жағдайда Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің емханасы арқылы растау);
  • Жеке іс қағазы;
  • Мекенжай анықтамасы;
  • Шетел тілінен тест тапсыру туралы сертификаттың көшірмесі (болған жағдайда);
  • Шет тілінен тестілеуді өткізу үшін ақы төлегені туралы түбіртек (түпнұсқа) – 8292 т;
  • Конверт, скоросшиватель, файл.

 

Шет тілінен емтихан Жұбанов университетінде  өткізіледі. Магистратураға түсу емтихандары 08-16 тамыз аралығында өткізіледі, құжаттар қабылдау 25 шілдеге дейін жүзеге асырылады.