Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > Докторантураға түсушілерге!

Докторантураға түсушілерге!

Жұбанов университеті төмендегі мамандықтар бойынша докторантураға қабылдайды.

Білім бағыты

1) 6D010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

Гуманитарлық ғылымдар

2) 6D020300 – Тарих

3) 6D020500 – Филология

Әлеуметтік ғылымдар экономика және бизнес

4) 6D050600 – Экономика

Жаратылыстану ғылымдары

5) 6D060100 — Математика

6) 6D060400 – Физика

 

Докторантураға түсушілердің өтініштері 25 шілдеге дейін қабылданады. Докторантураға қабылдау емтихандары 08 — 16 тамыз аралығында өткізіледі.

Докторантураға түсу үшін қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды тапсыру қажет: 

  • ұйым басшысының атына өтініш;
  • жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • келесі бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса):
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • 3×4 өлшемдегі 6 фотосурет;
  • 086 — У нысанындағы медициналық анықтама;
  • жеке куәлігінің көшірмесі;
  • ғылыми және ғылыми — әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

 

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге олардың түпнұсқалары тексеруге арналған. Тексеруден кейін түпнұсқа қайтарылады.