Среда, Октябрь 16, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университеті құжаттарды онлайн жүйеде қабылдайды

Жұбанов университеті құжаттарды онлайн жүйеде қабылдайды

Биылдан бастап Жұбанов университеті талапкерлердің бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға түсу жолдарын жеңілдетті.

«Жұбанов университеті сандық технологияларды белсенді түрде енгізіп қана қоймай, IT қызмет көрсету саласын кеңейтіп келеді. Енді университеттің http://arsu.kz/ сайтында білім ордасына түсуші талапкерлердің құжаттарын онлайн түрде тіркеу және қабылдау үшін жаңа қызмет қолжетімді болды», — дейді, университеттің қабылдау комиссиясының мамандары.

Онлайн жүйеде құжаттарды қабылдаудың тағы бір артықшылығы шетелдік талапкерлер өздерінің тұрғылықты мекенжайына қарамастан университетпен тікелей байланыс орнату мүмкіндігіне ие бола алады.  Құжаттарды тапсырып және сәтті тіркелуден кейін, жақын және алыс шетелдік талапкерлер оқуға тіркеуге анықтама алып, университетке қашықтықтан оқытуға түсе алады.

Құжаттарды қабылдаудың барлық процесі автоматтандырылған, әрі үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді арнайы әзірленген бағдарламада жүзеге асырылады.

Онлайн жүйеде құжатты http://univer.arsu.kz/abiturient_user/login/ сілтемесі арқылы толтыра аласыз.