Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Алғыс арқалаған күн

Алғыс арқалаған күн

Кеше «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық  филиалының ғимаратында Қазақстан Республикасы Президентіне кандидат болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау науқанын ұйымдастыруда белсенділік танытқан бірқатар азаматтарға  Мемлекет басшысының атынан Алғыс хаттар табысталды.

Мұнда Жұбанов  университетінің ректоры Бауыржан Ердембеков, Ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров, бас ғылыми хатшы Мира Балтымова,  тарихшы-ғалым Нұртаза Абдоллаев Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын профессорлар Бауыржан Аманкелдіұлы мен Нұртаза Ақишанұлына облыс әкімі Оңдасын Оразалин табыстаса, Рахым Ағыбайұлы мен Мира Рашидқызына «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дариға Исмағамбетова  тапсырды.

Президенттің қолы қойылған Алғыс хатта: «Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауы аясында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарына белсенді қатысқаны үшін Сізге алғысымды білдіремін. Сайлау қорытындысын Елбасы саясатының лайықты жалғасы және сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаларына негізделген дамудың жаңа бағытын қолдау деп қабылдаймын. Алдымызда тұрған ауқымды міндеттерді абыроймен атқарамыз деп сенемін. Сізге зор денсаулық, табыс және сәттілік тілеймін!», — делінген.

Құттықтаймыз!