Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Университеттің білім бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеу рәсімінен өтеді

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне мамандандырылған аккредиттеу рәсімін өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің Сыртқы сарапшылар комиссиясының келуі күтілуде. Аккредиттеу рәсімі 2017 жылдың 4-6 қазан аралығында өтеді. Мамандандырылған аккредиттеу рәсімі жүргізілетін мамандықтар:

  • 5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі
  • 5В021000-Шетел филологиясы
  • 5В042100-Дизайн
  • 5В090200-Туризм
  • 5В090100-Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • 5В070300-Ақпараттық жүйелер
  • 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
  • 5В070500-Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • 6М070300-Ақпараттық жүйелер.

МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТТЕУ – университеттің жекелеген білім беру бағдарламаларын аккредиттеуден өткізу рәсімі. Мамандандырылған аккредиттеу дегеніміз білім сапасын бағалаудың ішкі жүйесіне қолдау көрсету және сапа бағалаудың арнайы сыртқы рәсімін өткізу болып табылады. Аккредиттеуден өткен мамандықтың академиялық бағдарламасы сыртқы сараптау органы тарапынан ресми мойындала отырып, аккредиттеу өткізетін орган үшінші тараптарға аккредиттелген бағдарламаның білім беру өнімі «сенімге тұрарлық» екендігі жөнінен кепілдік береді.

Мамандандырылған аккредиттеуді 2011 жылы құрылған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу агенттіктер тізіліміне, сонымен қатар 2017 жылдың маусым айында агенттіктердің Білім беру сапасының кепілдігі жөніндегі Европалық тізіліміне (EQAR) енгізілген Аккредиттеу мен рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) жүргізеді.

Мойындалған агенттік мәртебесін алу АРТА қызметінің жоғары халықаралық стандарттар мен беделді мекеменің сенім куәлігіне сай екеніндігін дәлелдейді.

Агенттік халықаралық және ұлттық деңгейде институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу мен академиялық саралау өткізу арқылы білім беру ұйымдарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие мекеме болып табылады.

АРТА мемлекеттік емес мекемесі өз қызметінде пайда табу мақсатын көздемейді.

Агенттік қызметінің негізгі мақсаттары институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу мен саралау рәсімдерін ұйымдастыру, аккредиттеудің стандарттары мен өлшемдерін әзірлеу, жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының рейтингін өткізу болып табылады.