Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жоғары колледжге түсуші талапкерлер шығармашылық емтихандар тапсырды

Жоғары колледжге түсуші талапкерлер шығармашылық емтихандар тапсырды

Бүгін Жұбанов университетінің Жоғары колледжінің талапкерлері шығармашылық емтихан тапсырды. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына түсетін жалпы білім беретін мектептердің 9 және 11-сынып түлектері емтиханда 100 және 1000 метрге жүгіру, тірек және басқа стандарттар сынды өздерінің дене дайындығын көрсетті.

Биыл жоғары оқу орнында 9 мамандықтың негізінде спорттық мамандықтар бойынша білім алғысы келетіндер — 35 талапкер, ал, 11 сыныптан кейін – 25 талапкер. Жұбанов университетінің Жоғары колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бибігүл Ақжігітованың айтуынша, талапкерлер саны былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір артқан.

Шығармашылық емтиханнан кейін үміткерлер оқыту тілі мен тарихқа байланысты қазақ және орыс тілдерінде тестілеуден өтеді.