Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қ.Жұбанов атындағы университеттің ұжымы “Мектепке жол” акциясына үлес қосуда

Қ.Жұбанов атындағы университеттің ұжымы “Мектепке жол” акциясына үлес қосуда

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті “Мектепке жол” және “Арыспен біргеміз!” республикалық қайырымдылық акциясына үлес қосуда, – деп хабарлайды  bilimdinews.kz порталы аймақтық “АҚТӨБЕ” газетінің сайтына сілтеме жасап.

Университет ұжымы қала маңындағы «Шұғыла» сауықтыру лагерінде демалып жатқан Арыс қаласынан келген 100 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар жиынтығын табыстады. —

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің арнайы тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлері 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы бойынша қолдау көрсетуде. Біздің университетте «Жұбанов жылуы» деп аталатын арнайы әлеуметтік қор жұмыс істейді. Мұнда көмекке мұқтаж азаматтарға, дертке шалдыққан әріптестерімізге қолдау көрсетіледі. Балалар — біздің болшағамыз. Бүгін арыстық балаларға сыйлықтар жасап, олардың қуанышына бөленіп жатырмыз. Бұл шара мұнымен аяқталмайды. Жаңа оқу жылына дейін көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына көмек көрсетуге тырысамыз, — дейді  аталған университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Рахым Бекназаров.

Шарада аниматорлар балаларға қойылымдар көрсетіп, балмұздақтар таратты. Концерттік бағдарламаға ұласқан қайырымдылық іс-шарасы балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Айта кетейік, 15 шілдеден бастап «Шұғыла» сауықтыру лагерінде Арыс қаласынан келген 1-14 жас аралығындағы балалардың бірінші легі демалып жатыр. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, «Мектепке жол» акциясы бойынша өткен жылы 2 млрд 822 млн теңгеге материалдық және қаржылай көмек көрсетілген.

http://bilimdinews.kz/?p=51816