Пятница, Октябрь 18, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > “Жұбанов жылуы” арыстық балаларға көмек көрсетті

“Жұбанов жылуы” арыстық балаларға көмек көрсетті

Ақтөбеде арыстық балаларға көмек беру жалғасып жатыр. Бүгін «Мектепке жол» және «Арыспен біргеміз!» республикалық акциясына Жұбанов университеті үлес қосты. Оқу орнының өкілдері өңірдегі «Шұғыла» сауықтыру лагерінде демалып жатқан 100 балаға концерттік бағдарлама ұсынды. Аниматорлар түрлі сұрақтар қойып, бірге би билеп, ән шырқады. Университет ұжымы «Жұбанов жылуы» қайырымдылық қорынан жиналған қаржыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып, таратты. Балмұздақ пен түрлі тәттілер де үлестірілді. «Үмітің үзілмесін» еріктілер клубы да игі шараға қолдауын көрсетті. Олар оқушыларды мектепке дайындамақ ниетте. Бұл қайырымдылық шарасы жыл бойы жүргізіледі дейді университет қызметкерлері.

http://aktobetv.kz/kz/news/society/zhubanov-zhyluy-arystyk-balalarga-komek-korsetti