Среда, Апрель 24, 2024
Басты > Жаңалықтар > Форум қонақтары Жұбанов Университетіндегі жаңа нысан Технопарк жұмысымен танысты

Форум қонақтары Жұбанов Университетіндегі жаңа нысан Технопарк жұмысымен танысты

«Ақтөбе – құтты мекен» форумы аясында орталық мемлекеттік органдары мен облыс әкімдіктерінің делегаттары Жұбанов Университетіндегі жаңа нысан Технопаркке келіп, «Рухану жаңғыру» бағдарламасы бойынша жасалған «Жобалық кеңсе» және зертханалар жұмыстарымен танысты.

Ақтөбе облысы ішкі саясат басқарма жетекшісі Елеусінова Бұлбұл Ораққызы қонақтарға «Рухани жаңғыру» Ақтөбе облысының жобалық кеңсесін таныстырып, жобалық кеңсенің қыркүйек айында осы университеттің жаңа нысаны Технопаркте өз жұмысын бастағанына, мұндай жобалық кеңселер тек Ақтөбе қаласында ғана емес, аудандарда да жұмысы жолға қойылып жатқандығын тілге тиек етті.  Жобалық кеңседе барлық жобалар орталықтандырылған.

Сондай-ақ, қонақтар Технопарктегі «Мектепке арналған физикалық құрал-жабдық және роботтық техника шығару» зертханасы, «Диатомит» минералдарды байыту технологиясы, «Нанотехнологиялар», «Полимерлі композиттік материалдар», 3D моделдеуге оқыту, «Наноматериалдарды талдау», «Көлік ағымын зерттеу және басқару», «Микроскопия», «Виртуалды академия» тағы да басқа зертханаларды аралап қарады.

Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қуанышбек Шүңкейұлы диатомитке қызығушылық танытқан өкілдерге: «Технопаркте 20-дан астам зертханалар бар. Олардың ішінде түркология, қытайтану, корея мәдениетін тану, тарихты тану секілді гуманитарлық бағыттағы зертханалар да бар. Төменгі қабатта асфальт жасайтын қондырғылар бар.

Беларуссиядан келген өкілдер Янки Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінен келген физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, оқу-ғылыми-өндірістік «Технолаб» орталығының директоры Александр Васильевич, пен ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының докторы, доцент Владимир Барсуков зертхана жұмысында тәжірибелерімен бөлісті. Екінші бағытты айтатын болсақ, Мұғалжар ауданында бүкіл Қазақстан бойынша диатамит деген минералдар қоры жиналған. Біздің есебіміз бойынша 3 млрд тоннадай қоры бар. Оны әр алуан салада пайдалануға болады. Одан ыстыққа төзімді кірпіш дайындайды, асфальт бетін сол материалмен жабатын болсақ, ол су жұқтырмайтын қасиетке ие»,-деп түсіндіріп өтті.