Понедельник, Ноябрь 18, 2019
Басты > Білім > Жұбанов университетінің педагогикалық мамандықтарына 126 қосымша грант тағайындалды

Жұбанов университетінің педагогикалық мамандықтарына 126 қосымша грант тағайындалды

Көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалары үшін жоғары білімі бар мамандар даярлауға 180 гранттың 126-сі Жұбанов университетіне бөлінді.

Бүгінгі отырыста Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалары үшін бөлінген 180 орынға 7 жоғары оқу орны түсті. Аталған гранттар өңірдің еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып бөлінді: педагогикалық ғылымдар – 139, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, ауыл шаруашылығы мен биоресурстар – 41. Аталған гранттарды тағайындау Ақтөбе облысы әкімдігінің комиссиясында қаралды. Комиссияның алғашқы отырысында өңірге қажет, сұранысқа ие мамандықтар анықталды.

Бөлінген 180 грантқа төмендегі жоғары оқу орындары белгіленді:
1. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті- 126 грант;
2. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті- 1;
3. С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті- 15 грант;
4. Қазақ ұлттық аграрлық университеті – 11;
5. Баишев университеті – 24 грант;
6. Қазақ-орыс халықаралық университет – 3 грант.

Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2019 жылдың 5 – 10 тамыз аралығында жоғары оқу орындарының (Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті) қабылдау комиссиясында қабылданады.