Суббота, Декабрь 7, 2019
Басты > Білім > Облыс әкімі тағайындаған 100 грантты жеңіп алған ЖОО орындары анықталды

Облыс әкімі тағайындаған 100 грантты жеңіп алған ЖОО орындары анықталды

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен 2019 – 2020 оқу жылына грант бөлу бойынша комиссия отырысы өтті. Жиынға комиссия мүшелерінен өзге  денсаулық, білім, ауылшаруашылық, дене шынықтыру және спорт, дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшылары  қатысты. Басқосуда  облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің   өңірдегі сұранысқа ие мамандықтарға арнайы бөлген 100 грантына ЖОО-ы іріктелді. Грантты жеңіп алуға  жергілікті ЖОО бөлек, Астана, Алматы, Атырау, Орал қалаларының 10-нан астам оқу орындары  қатысқан. Мемлекеттік  грантты иелене алмай қапыда қалған   жастар үшін   облыс әкімінің арнайы бөлген 100 гранты үлкен мүмкіндік болып отыр.

«Мақсатымыз облыста  сұранысқа ие мамандарды әзірлеп, жастардың  сапалы білім алуына жол ашу, олар болашақта  өңір дамуына өз үлестерін қосады деп сенемін»,-деді Оңдасын Оразалин.

Комиссия отырысының шешімімен облыс әкімінің 100 грантына ие болғандар С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеттерінде білім алатын болады. Өңірімізде орыс тілі әдебиеті, математика-физика,  ветеринария, ауылшаруашылығы мамандарына сұраныс жоғары. Комиссия аталған  ЖОО-ын бірнеше шарттар бойынша таңдады. Жатақханамен қамту, білім сапасы, талапкерлерге қолайлылығы сынды 12 шарт  ескерілді.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен 180 грант бойынша байқауға түскен ЖОО-ы да іріктелді. 180 грант мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алушы, және көпбалалы отбасының балаларына арналған. Олардың білімі мен, ҰБТ-тен жинаған балы ескеріледі. Мамандарды даярлауға грант тағайындау 3 кезеңнен тұрады сұраныс жинақтау, қажетті мамандықтардың тізбесін бекіту, мемлекеттік тапсырыс орналастыру үшін жоғары оқу орындарының арасында конкурс жариялау.

Талапкерлерге мемлекеттік білім беру грантын тағайындау тамыздың 15 – 20 аралығында өткізіледі.