Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Балалар университетінің ашылуы күтілуде

Балалар университетінің ашылуы күтілуде

Ғылым және инновациялар жылы және университетті дамытудың ұзақ мерзімді жоспарының аясында 2019 жылдың 8 тамызынан бастап Жұбанов университетінде Балалар университетіне өтініштер қабылдау рәсімі басталды. Жаңа жоба 11 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды ғылымға тартады. Ғылыми әлемге қызығушылық танытатын және студенттік өмірмен танысқысы келетін оқушылар келеді деп күтілуде. Жаңа жоба бағдарламалау негіздерін, робототехника, бизнес, маркетинг, менеджмент, құқықтану, шығармашылық, психология және т.б жұмыс бағыттарын қамтиды.
Айта кетсек, Батыс Қазақстанда жаңа оқу жобасы — Германия, Австрия және Швейцария қалаларының, сондай-ақ Ресей университеттерінің халықаралық тәжірибесінің таралымы.
Балалар университеті — мектеп бағдарламарының орнын басуды көздемейді. Университеттің басты мақсаты – ғылымға қызықты да тартымды, түсінікті жолдармен жетуге болатынына балалардың көзін жеткізу.
Балалар университеті — орта және жоғары сынып оқушылардың қызығушылығын туғызатын, ата-аналарды бейжай қалдырмайтын тақырыптар арқылы ғылыми білімді дәріптеуге, қазіргі ғылым мен қоғамға арналған.
Ашылу салтанаты 2019 жылдың 1 қазанында өтеді.

Қажетті құжаттар тізімі:
— Өтініш;
— 3*4 сурет – 3 дана;
— Туу туралы куәлігі (ЖСН)/жеке басын куәландыратын төлқұжаттың көшірмесі (бар болса) – 1 дана;
— Жетістіктер портфолиосы (бар болса);
— Скоросшиватель;
Өтініштер 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін, Ә. Молдағұлова даңғылы, 34 үй, Жұбанов университетінің Бас ғимараты.
Анықтама телефондары үшін: 8 (7132) 56 55 28, 8 (708) 827 55 76.
Электронды почта: kinder_uni_aktobe@mail.ru