Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Балалар университетіне қабылдау басталды

Балалар университетіне қабылдау басталды

Бүгін Қ.Жұбанов ат. АӨМУ Балалар университетіне өтініштер қабылдау рәсімі басталды. Жаңа жоба бағдарламалау негіздерін, робототехника, бизнес, маркетинг, менеджмент, құқықтану, шығармашылық, психология және т.б. жұмыс бағыттарын қамтиды.
Балалар университетінің алғашқы студенттерінің қатарында № 64 мектептің 9-сынып оқушысы Руслан Тналин болды. Ол өзін жан-жақты деп есептейді: «Мен өзімді суда жүзуде де, шығармашылықта да сынап көрдім, көптеген үйірмелерге бардым, бірақ психологиямен айналыспадым. Психология адамдарға көзқарасты табуға көмектеседі, сондықтан мен университетте практикалық психология бағытын таңдадым».
Кейбір талапкерлер жаңа оқу бағытын таңдаса, басқалары білімін шыңдау үшін балалар университетіне келген. Жас студенттердің бірінің анасы Ақзия Бошанова айтқандай, ұлы Арслан кішкентай кезінен робототехникамен айналысады. «АӨМУ базасында балалар университеті ашылып жатқанын естігенде, осындай өте жақсы мүмкіндікпен пайдалануға шешім қабылдадық», — деп бөлісті ол.
Өтініштерді қабылдау барысында балалар университетінің қызметкерлері ата-аналар мен балаларға оқу процесінің ерекшеліктерін түсіндіріп, бағыттарды анықтауға көмектесті. Жоба жетекшісі Жамиля Идиеваның айтуынша, сабақтар сенбіде және демалыс кезінде өткізіледі. Балалар университеті – негізгі мектеп бағдарламарының сабақтарына кедергі жасамайды. Университеттің басты мақсаты – ғылымға қызықты да тартымды, түсінікті жолдармен жетуге болатынына балалардың көзін жеткізу.
Құжаттарды қабылдаудың алғашқы күнінде 17 өтініштер түсті. Өтініштер 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Айта кетейік, Балалар университеті ғылым және инновациялар жылы және университетті дамытудың ұзақ мерзімді жоспарының аясында ашылуда. Жоба ғылымға қызығушылық танытатын 11 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды шақырады.