Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Балалар университеті ашылады

Балалар университеті ашылады

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті жанынан алғашқы балалар университеті ашылмақ. Бүгіннен бастап оқу орнына түсушілерден өтініштер қабылдануда. Жоба ғылым мен инновация жылы аясында жүзеге асты.Ұйымдастырушылар жаңа жоба балалар арасында ғылымды насихаттау, оларға кәсіби  бағдар берге бағытталған дейді.Мұндай балалар университеті еуропаның бірнеше елінде және Ресей университеттерінде жолға қойылған халықаралық тәжірибе. Балалар үшін арнайы бағдарлама жасақталады, олар  өздері таңдаған пәндері бойынша дәріс алады. Балалар университетіне 11 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер қабылданады.  Дәрісті Жұбанов университетінің ұстаздары жүргізеді. Ал, 3 курсқа арналған сабақтар демалыс және каникул кездеріне жоспарланған.  Алғашқы семестр қазанның бірі мен қаңтардың 25-і аралығын қамтиды.

Венера Серғазы

http://aktobetv.kz/kz/news/society/balalar-universiteti-ashylady#