Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Жаңалықтар > Қосымша грант иегерлері анықталды

Қосымша грант иегерлері анықталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен 110 талапкер Жұбанов университетінде оқуға мүмкіндік алды. Көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалары АӨМУ — де Ақтөбе облысында сұранысқа ие педагогикалық мамандықтарды (орыс тілі мен әдебиеті, химия, математика және т.б. мұғалімі) игереді: «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» – 15, «Дене шынықтыру мұғалімі» – 15, «Музыка мұғалімі» – 1, «Өнер және сурет мұғалімі» – 4, «Математика мұғалімі» – 3, «Информатика мұғалімі» – 2, «Химия мұғалімі» – 10, «Биология мұғалімі» – 12, «География мұғалімі» – 1, «Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі» – 15, «Орыс тілі және әдебиет мұғалімі» – 12, «Шет тілі мұғалімі» – 22, «Педагогика» – 7, «Тау-кен ісі» – 1.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының нысаналы трансферт есебінен көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балалар үшін 2019/2020 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған 180 грантқа бөлінген грант бойынша 154 үміткер құжат тапсырды, ҰБТ нәтижелері бойынша 120 үміткерге гранттар берілді. Сондай-ақ, комиссия мүшелері қалған 34 талапкерлердің арасында гранттарды бөліп, олардың оқуын аяқтауға мүмкіндік беру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар, облыс әкімінің гранты иегерлері анықталды. Олардың ішінде 31 талапкер — Жұбанов университетінің болашақ студенттері: «Дене шынықтыру мұғалімі» – 5, «Математика мұғалімі» – 8, «Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және құрылыс» — 3, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» – 15.

Айта кетейік, жергілікті бюджет қаражаты есебінен бөлінген 78 грантқа 269 үміткердің құжаттары қаралды. «Денсаулық сақтау» (резидентура) білім беру бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға бөлінген 22 грант бойынша құжаттарды қабылдауды 25 тамыздан кейін анықтайды. Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлназ Сүлейменова биылғы жылы құжат тапсырған үміткерлердің ҰБТ-дан жинаған бал көрсеткіштері өте жоғары екенін айтады. Сондықтан да комиссия мүшелеріне грантты бөлу оңайға соқпады. Мәселен, жалпы медицина мамандығына түсуге ниет білдірген 94 баланың 68-ің балы 100 ден жоғары. Облыс әкімінің медицина мамандығына бөлген 10 гранты 123-124 бал жинаған 10 балаға бұйырды. Сонымен қатар, өнер, информатика, дін мамандықтарына талапкерлер құжат тапсырмағандықтан, комиссия құрамы артылған гранттарды өтініш неғұрлым көп түскен, әрі өңірге қажетті мамандықтар саналатын медицина мен бастауыш және педогогика мамандықтарына бөлді.

Қосымша грант иегерлерінің тізімі: ГРАНТ 2019