Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Дайындық бөлімдерінің студенттеріне арналған гранттар!

Дайындық бөлімдерінің студенттеріне арналған гранттар!

Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидалары

  1. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын қабылдауды және оқытуды қамтиды.
  2. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне ақылы негізде оқуға қабылдауды ЖЖОКБҰ-лар дербес жүзеге асырады.
  3. Шетелдіктерді, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды жалпы білім дайындығының деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне оқуға қабылдау конкурстық негізде ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
  4. Қазақстан Республикасының азаматтарын тілдік дайындығының деңгейін арттыру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне оқуға қабылдау конкурстық негізде ҰБТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
  5. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;

2) орта (жалпы орта), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымша;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген (бұдан әрі – № 907 бұйрық).

  1. ЖЖОКБҰ-ның дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:

1) еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған (немесе Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінде куәландырылған) аудармасы;

3) білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;

5) № 907 бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама.

  1. ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдауды күнтізбелік жылғы 5 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиялары жүргізеді.
  2. ҰБТ күнтізбелік жылғы 10 – 15 қыркүйек аралығында өткізіледі.

Қажетті құжаттарды төмендегі сілтемелер бойынша жүктеуге болады:

Қосымша

Байланыс телефондары: 8 (7132) 54 39 74, 56 55 28, 7 (708) 827 55 76.