Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Эразмус+ бағдарламасының оқыту вебинары

Эразмус+ бағдарламасының оқыту вебинары

Бүгін Жұбанов университетінде «Эразмус + халықаралық кредиттік ұтқырлық жобаларын басқару: тәжірибе және ұсыныстар» тақырыбында вебинар өтті. Онлайн семинарға бөлім басшылары, осы бағдарламаның жобаларын іске асыру бойынша департаменттер үйлестірушілері қатысты. Барлығы вебинарға Қазақстанның 14 аймағындағы 43 ЖОО-нан 150-ден астам адам жазылды.

Эразмус + жобасы аясында студенттер мен университет қызметкерлерінің ұтқырлығын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар мен кеңестерді Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова айтып берді. Ол халықаралық кредиттік ұтқырлық жобаларын бақылау және жұмыс істеу тәжірибесін қорытындылай келе, Қазақстан бесінші жыл ішінде барлық жобалардың 55% -ын дамытуда және Орталық Азияда көшбасшысы екендігін атап өтті. Соңғы 3 жыл ішінде 463 жоба жүзеге асырылды, 2000-нан астам студенттер мен қызметкерлер шетелдік университеттерге оқу және сабақ беру үшін барған болатын.

Сонымен қатар, құжаттамамен қамтамасыз ету туралы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі Елена Кандалина айтты.  Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекші маманы Евгения Танасогло профессор-оқытушылар құрамы мен әкімшілік қызметкерлердің ұтқырлығын ұйымдастыруына тоқталды.

Вебинар аясында Жұбанова университетінің қызметкерлері мен оқытушылары Эразмус + халықаралық кредиттік ұтқырлық жобалары бойынша жұмыс тәжірибесімен таныса білді.