Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > Жаңалықтар > Білім және ғылым министрінің марапаты

Білім және ғылым министрінің марапаты

Кәсіби-шығармашылық факультеті «Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы Абдрашид Раимбергенов ҚР Білім және ғылым министрінің жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен марапатталды.

Абдрашид Раимбергенов «Ақжелен» халық музыкалық аспаптар оркестрінің жетекшісі, Жұбанов университетінде 15 жылдан астам домбыра класы бойынша сабақ беруде. Оның шәкірттері бірнеше рет республикалық конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары атағына иеленді.

Құттықтаймыз!