Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Қаланың дарынды жастары марапатталды

Қаланың дарынды жастары марапатталды

«Ақтөбе дарыны — 2019» атты жастар сыйлығының иегерлері анықталды. Қала әкмі Мавр Абдуллин жеңімпаздарды марапаттады. Дарындылардың қатарында жыл стуленті, жыл спортшысы, жылдың үздің мұғалімі белгілі болды. 

Қаланың дарынды жастарды марапатталды

Жастардың өз дарыны мен шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беретін байқау басқаларды ынталандырады. Қаламыздың білім ошақтары арасында 7 номинация бойынша үздіктерді іріктеді.
-«Ақтөбе Дарыны-2019» байқауының негізгі көздейтін мақсаты — Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру шеңберіне ұлттық бірегейлік пен ұлттық құндылығымызды насихаттау. Қазақ халқының «туған жерге», «рухани дәстүрге», «ұлттық санаға», «білім мен тәрбиеге», «жалпы ұлттық қасиетке», «ұлттық мәдениетке» деген озық дәстүрлері мен ұстанымдарын насихаттай отырып, қаламыздағы білім ошақтарының арасынан үздіктерді анықтау. Жастар мен өнер адамдарының шығармашылық және рухани дамуына жағдай жасау. Жастардың мүмкіндіктері мен жетістіктерін арттыру мен ынталандыру. Аталған байқауға қатысуға барлығы 90 қатысушы өтініш білдіріп, байқау талаптарына сәйкес 15 қатысушы іріктеліп алынды,-дейді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жандос Табылғанов.
Байқауда «Ғылым және білім» номинациясы бойынша Гауһаршахназ Нұрланқызы иеленді. Аяжан Елеусізқызы «Жас мұғалім» номинациясы бойынша марапатталды. Ал, «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша 28 жастағы Ержігіт Еркінбайұлы озық шықты. Ол Ақтөбе феррқорытпа зауытының сенімділік инженері болып жұмыс жасайды. Бүгінде Ержігіт Ақжар ауылында спорттық ғимарат жобасын жасап шығарды. Жас инженер-спортшы Ақжар ауылы балаларының 5-6 шақырым өтіп, Қарғалы ауылына спорт үйірмесіне баратынын көрген. Оларға спорт ғимаратының жаңа жобасын жасаймын деп шешім қабылдаған.
— Мен спортшымын. Спортты жақсы көретін балаларды өте жақсы түсінемін. Көздеріндегі отты көріп, солардың арасынан болашақта олимпиада жеңімпазы шығады деп сенемін. Қала дамуына әлеуметтік жобаларға қаржылай көмек қарастырылған «ERG қала» атты байқауы бар. Ақжар елді мекенінде спорттық ғимарат салуға жоба құруға бел будым. Қуантарлығы, байқауда жеңімпаз атандым. Енді келер жылы құрылыс жұмысын бастаймыз,-деді Ержігіт Еркінбайұлы.
Қала әкімі Мавр Абдуллин 28 жастағы жас актөбеліктің қоғамдық еңбегін үлгі етіп, оны қала дамуына сіңген еңбегі үшін марапаттады.
-Біз осындай жоба ұсынатын жастарды қолдаймыз. Мемлекет бізге не береді емес, мемлекетке не бере аламыз деп ойлану қажет,-деді қала басшысы.
Туған елінің намысын спорттық жарыстарда қорғап жүрген Нұржауған Сәттіғалиева «Спорт» номинациясының үздігі атанды. Гүлбану Жалғасбекқызына «Өнер» номинациясы берілсе, «Үздік волонтер» номинациясын Аида Қазкенова иеленді. Студенттер арасында үздік шыққан Гүлманат Жалғасова «Жыл студенті» атанды.
-Бірнеше мекемелер мен университет ұжымынан мінездеме алдым. Осы кезге дейінгі республикадан алған жетістіктерім көмектесті. Бүгінде Қ.Жұбанов университетінің 4 курс студентімін. Өзіммен бірге құжаттар тапсырған студенттер болды. Осыған дейін сәуір айында өткен «Жас қыран» ресбуликалық жинаққа енген едім. Жыл студенті боламын деп көп дәмеленбедім,-дейді «Жыл студенті» атанған Гүлманат Жалғасова.

Қала әкімі жастармен кездесті
Қаланың дарынды жастарды марапатталды

«Солнечный» демалыс орталығында білім беру, мәдениет, спорт саласында ерекшеленіп, көзге түскен 30-ға жуық жастар жиналды. Бейресми кездесуде жастар қала басшысымен пікір алмасты.
— Қаланың дамуы үшін түрлі салада жұмыс жасайтын жастар бар. Сонымен қатар шет мемлекетте білім алып жатқан жастар бар. Сол жастармен тренинг түрінде кездесу өткіздік. Ақтөбе облыстық жастар және балалар қауымдастығының ұйымдастыруымен бірге қала әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Екі сағат бойы жастарға отбасылық, қазақ құндылықтары туралы тренинг болды. Екінші тренеріміз Ержан Нұрғалиев болды. Ол бір сағат бойы бизнес туралы түсіндірді. Жастардың қалай бизнес ашу, жасау, дамыту туралы ақпараттарымен бөлісті. Негізгі мақстамыз жастарды жаңадан тағайындалған қала әкіммен таныстыру. Жастарды мазалаған сұрақтары болса қала әкіме қойсын деген ойымыз болды. Қалада 115 мыңнан астам жастар бар. Оның 20 мыңнан астамы осы қаладағы ЖОО оқиды. 300-ден астамы шет мемлекетте білім алып жүр,-дейді Ақтөбе облыстық жастар және балалар қауымдастығының төрайымы Жанар Қожанова.
Жастармен кездесуге келген қала басшысы оларға үміт артып отырғанын жеткізді. Елінің гүлденуі үшін жастардың жұмыс жасауы маңызды екенін де айтып өтті.
-Халықаралық жастар күні қарсаңында мен арнайы сіздермен пікір алмасу үшін кездесіп отырмын. Әр ата-ана, әр мемлекет жастарға үлкен үміт артады. Мемлекетіміздің тыныштығы басты құндылығымыз. Көрші мемлекетердегі болып жатқан жағдайларды білесіздер. Елдің тыныштығына жететін ештеңе жоқ. Ел тыныш болатын болса, елдің өркендеуі осыдан басталады. Жастардың ішінде іріктеп сіздерді шақырып отыруының да себебі бар. Осы кездесуге келгнісі келген қаншама адам бар. Бізді неге ескермейді деген адамдар бар. 115 жас қозғалатын болса кез келген дүниені қопара алады. Сондықтан жастар алға ұмтылу керек. Демалыс күндер мәдени шаралар мен бірге спорттық шаралар өтеді. Соның бәріне қатысу керек. Қаламыздың жақсаруына өзіміз үлес қосайық,-дейді қала әкімі Мавр Абдуллин.
Мемлекеттік қызмет саласында жүрген Азамат есімді жігіт өзінің ұсынысын қала басшысына емес жиналған жастарға арнады. Қалада ұйымдастырылатын шараларға белсенді түрде қатысуларын сұрады.
-Мемлекеттік қызмет саласында жүргеніме 5 жыл болады. Осы жиналған жастарға қалада өтетін шараларға ат салысуын сұраймын. Қаламызда неше түрлі марафондар өтеді. Соларға белсенді түрде қатысуын өтінемін. Бүгінде осындай шараларға жастардың қатысуы өте төмен деңгейде тұр. Әкімдіктің тарапынан айтатын ұсынысым, жастар өздерінің ойын ашық айта білу керек. Олардың білетіндері әлеуметтік желі. Жастардың бойында тың идея болады. Соны айта білу керек,-деді Азамат Саматұлы.
Жастар даму жолындағы өз ұсыныстары мен көзқарастарын білдіріп, бір-бірімен пікір алмасты. Санк-Петербург қаласында жоғары білім алып жатқан 2 курс студенті Лаура Ануарова 10-11 сынып оқушыларына арналған оқыту тренингтерін жүргізуді ұсынды.
-Көп жағдайда мектеп оқушылары қандай пән таңдау қажеттігін білмей жатады. Барлығы тек грант алуға талпынады. Мысалы, Ресейде 10-11 сынып оқушыларын емтиханға дайындап, бағыттайтын арнайы бағдарламалар бар. Сонымен қатар сенің үлгеріміңе қарамастан, мұғалімдер оқушыны оқытып, үйретуге дайын. Ал, бізде ол жағдай дұрыс қалыптаспаған. Біздің студенттер қарапайым емтиханның өзінен қорқады. Сондықтан осы бағытта жұмыс жааужды ұсынамын, — дейді Лаура Ануарова.
Айта кетейік, іс-шара барысында жастарға арналған тимбилдинг, дәрістік сабақтар өткізілді. Сондай-ақ, қала әкімі аймақтағы мемлекеттік жастар саясатын дамытуға үлесін қосқан 15 адамға алғыс хат табыстады. Олардың қатарында Алмас Қайратұлы, Азамат Саматұлы, Назым Жұрынбай, Мират Қорғанбекұлы сынды белсенді жастар болды.

Қала тұрғындары жүгіруден жарысты
Қаланың дарынды жастарды марапатталды
Жексенбі күні тас жолдан жүгіретін командалық жарыс өтті. Сайыс екі санат бойынша өткізілді. 34 команда корпорация және достар эстафетасы болып бөлінді. Осындай шара әртүрлі сала мамандарын бір арнаға тоғыстырып, спортпен айналысуға мүмкіндік береді.
-Баршаңызды құрылысшылар мерекесіне арналған «Аqtobe — ekiden» спорттық шарасымен құттықтаймын. Бүгінгі ұйымдастырылп отырған марафонды дәстүрге айналдырайық. Мәдени шаралардан кейін спорттық шараларды ұйымдастыруды барлығыңыз қолдадыңыздар. Әлде де біздің қатарымыз көбею керек. Осындай спортты қолдайтын адамдар спортқа қатысатын болса денсаулыға жақсаратын еді. Қандай спортта да додаға мықтылары шығады. Үздіктердің ішіндегі үздігі мәреге бірінші жетеді,-дейді қала әкімі Мавр Абдуллин.
Екі сағат шамасына созылған жарыс қала тұрғындарын бір арнаға тоғыстырды. Ұйымдастырушылар қатарынан көрінген Біржан Мұсаев жарысқа қатысушылардың саны бұрыңғыдан қарағанда артқанын мәлімдеді.
Қазақстан құрылысшылар күніне арналған жеңілатлетикадан қалалық жарыс ұйымдастырдық. Жарысқа 34 адам қатысып жатыр. Бір команданың құрамында алты адам болады. Оның ішінде екі қыз болу керек. Достар эстафетасы бойынша қала трғындары өздері ұсыныс түсірді. Эстафетаның қашықтығы 8 км құрайды. Қатысушылар оны 6 этап бойынша бағындырады,-дейді қалалық дене шынықтыру спорт бөлімінің меңгерушісі Біржан Мұсаев.
Айта кетейік, сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар 30,60 және 90 мың теңге ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Қатысқан 34 команданың әр спортшысына жеке-жеке медаль тағылды.

http://kerek-info.kz/kerek-akparat/5535-alany-daryndy-zhastardy-marapattaldy.html