Четверг, Сентябрь 19, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Облыс активі президент жолдауын талқылады

Облыс активі президент жолдауын талқылады

Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық актив жиынын өткізді. Мақсат — президент жолдауында жүктелген тапсырмаларды сапалы жүзеге асыру. Жиынға әртүрлі сала мамандары қатысып, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға қатысты жоспарларымен бөлісті. Актив мәжілісінде білім, ауыл шаруашылығы салаларындағы мәселелер мен жастарды жұмыспен қамту туралы айтылды. Жиында жолдаудағы негізгі тақырыптардан бөлек, 23 тамыз күні Ақтөбеге келген үкімет басшысы Асқар Маминнің берген тапсырмалары да қарастырылды. Премьер-министр 2020 жылдың соңына дейін Ақтөбе — Атырау жолын аяқтауды тапсырған болатын. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен былтыр «Ата қоныс — Ақтөбе» атты жоба қолға алынды. Мақсат — шет елдегі қандастарымызды елге шақырып, жоғары оқу орнына қабылдау. Қазір осы жоба арқылы 1000-ға жуық студент университетте білім алып жатыр. Талапкерлердің көбі Орынбор, Қарақалпақстан өңірлерінен келген. Бұдан бөлек, мектеп оқушыларын ғылымға баулу мақсатында арнайы бір мамандыққа икемдеуге арналған «балалар университеті» жобасы іске асырылмақ. Келер жылы Әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өтеміз. Университет айтулы күнге орай «Ақтөбеден — Абайға» деп аталатын эксаидицияны өткізуді жоспарлап отыр. Республика бойынша ауыл шаруашылығы ресурстары толық пайдаланылмай тұр. Келер жылы осы саланы дамытуға ұттық қордан 100 миллиард теңге бөлінбек. Ауыл тұрғындарын қуантқан тағы бір жаңалық — биыл «Ауыл ел бесігі» жобасы жалғасын табады. Мемлекет басшысы бұл жобаға алдағы үш жылда бюджеттен 90 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Президенттің айтуы бойынша ол ақшаның бәрі де ауыл тұрмысын жақстаруға бағытталмақ.

http://www.rikatv.kz/kz/news/oblys-aktiv-prezident-zholdauyn-tal-ylady.html