Пятница, Март 29, 2024

Абыз

Абыз. Осы сɵздi естiгенде менiң ойыма қазiргi заман тұлғаларынан бiрден Амангелдi Айталы келедi. Табиғатынан философ, терең ойды iждахатты ғылыми iзденiспен дамыта жалқы оқиғалар мен құбылыстардан жалпы заңдылықтар мен үрдiстердi түйе бiлетiн Амангелдi Əбдрахманұлын мен бүгiнгi Қазақстан əлеуметтану, əсiресе «Қазақ тану » ғалымдарының кɵшбасшысы деп бiлемiн.
«Бiз кiмбiз?» деген сұрақ ұлттар үшiн əркез ɵзектi. Бүгiнгi қазақ қоғамы тұрғысында оған ғылыми негiзделген, ұлттың ɵткен жолы мен қазiргi кешiп отырған күйiн сабақтастыра ,құндылықтар мен институттар əсерiн ескере отырып терең де нақты, кешендi де анық түсiнiктеме бере алатын екi адам болса, бiрi — Амангелдi ақсақал ,жалғыз болса — ол да Əбекең.
Бодандықтан шайылған құндылықтармен дүбара болып шыққан қазақ қоғамында 30 жыл ɵтсе де ɵзектi бiр мəселе бар. Бiздегi кɵптеген кɵзi ашықтың кɵкiрегi оянбаған да, кɵкiрегi ояудың бiразына терең бiлiм,кɵзашықтық жетiспейдi. Меңдеген дерттей қоғамдық сананы азғындатып, ұлттың абыройы ,мемлекеттiгiмiздiң болашағы мен қауiпсiздiгiне қатерлi деңгейдегi жемқорлықпен бiрге бұл мəселе ұлттық мүддеге жұмыла жұмыс жасауда тұсау болып тұр. Бұл тұрғыдан алғанда да ұлтжанды жүрегi нұрлы ақыл, терең ой мен парасатына адастырмас темiрқазығы болған Əбекең таразының екi басын тең ұстаған үлгi тұтар қайраткер.
Дербес, мемлекетке тəуелсiз қаржы кɵздерiнiң жоққа тəн болуы бiздегi шынайы əлеуметтану ғылымының дамуын тежеуде (бұл саяси ұйымдар мен ақпарат құралдары үшiн де ɵзектi. Оны ретi келгенде тарқатармыз). Сондықтан да кей зерттеулердiң түйiнiн авторлар не ұжым аты аталсымен болжауға болады. Бұл iсте де Əбекең шынайы ғылыми ұстаным, ғылым этикасын басшылыққа алудың үлгiсi.
Бүгiн Əбекең 80 биiгiне шықты. Туған күнiңiзбен құттықтай отыра Сiзге зор денсаулық тiлеймiн асыл аға! Алла Сiзге əлi де ұзақ , жемiстi жылдар нəсiп етсiн, абыз!

Әлихан Байменов, қоғам қайраткері