Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Амангелді Айталыны құттықтады

Амангелді Айталыны құттықтады

Облыс басшысы Оңдасын Оразалин қоғам қайраткері, философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Айталының шаңырағында болып, ғалымды 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Облыс әкімі той иесіне ізгі тілегін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Ақтөбе қаласының құрметті азаматы атанған ғалым ұзақ жылдар ұстаздық етті, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол — 100-ден астам ғылыми мақалалардың, 5 монографияның авторы. Этносаясат, этноәлеумет және дінтану саласында қалам тербеген зерттеуші.

Президент Жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат — ІІІ дәрежедегі «Барыс» орденімен марапатталған.

ҚР Әлеуметтік ғылым  академиясының академигі Амангелді Айталы қуанышына ортақтасқан облыс басшысына алғыс сезімін білдірді.

Нұр ДОСО