Понедельник, Ноябрь 18, 2019
Басты > Жаңалықтар > Қос университеттің бірлескен ғылыми жұмыстары

Қос университеттің бірлескен ғылыми жұмыстары

Назарбаев университетімен «Жоғары функционалды өлшеу және концентрация өрістерін модельдеу әдісін пайдалана отырып атмосфералық ауадағы Cr (VI) мөлшерін сандық бағалау» бірлескен ғылыми-зерттеу жұмысы аясында Жұбанов университетіне Нұр-Сұлтан қаласынан доцент Mehdi Amouei Torkmahalleh жетекшілігімен жұмыс істейтін ғалымдар тобы келді.

Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында Жұбанов университеті тарапынан осы зерттеудің жетекшісі, «Химия және химиялық технология» кафедрасының доценті, х.ғ.к.. Ләззат Тастанова, «Физика» кафедрасының доценті, ф.-м.ғ.к. Әмірбек Бекешев, «Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к. Алмагүл Агишева, Назарбаев университетінің Инженерлік мектебінің докторанты Enock K. Adotey, НУ Инженерлік мектебінің ғылыми қызметкері Э.Кенжеғалиеваның қатысуымен жұмыс тобының отырысы өтті.

Аталған іссапардың бірінші күні Назарбаев университетінің зерттеушілері Жұбанов университетінің Инновациялық технологиялар паркінің қызметкерлерімен бірге қондырғының орнатылатын жерін анықтады. Сондай-ақ олар «Материалдардың радиациялық физикасы» ғылыми-зерттеу орталығында болып, стратегиялық даму жұмыстары жөніндегі проректор Қуанышбек Шункеевпен және ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Рахым Бекназаровпен кездесті.

Назарбаев университетінің өкілдері университеттегі Инновациялық технологиялар паркіне бір ай бойы қатынайды. Себебі, осы уақыт ішінде жобаны іске асыру үшін жабдықты орнату, іске қосу және пайдалану жұмыстары жоспарлануда. Содан соң атмосфералық ауаның мониторингін Жұбанов университетінің қызметкерлері мен магистранттары жалғастырады.