Вторник, Апрель 23, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > «Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең» ғылыми-практикалық конференциясы

«Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең» ғылыми-практикалық конференциясы

«Ақтөбе: кеше, бүгін, ертең». Осындай атаумен «Туған жер» форумы аясында Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетте ғылыми-практикалық конференция өтті. Онда жерлестерге облыстың әлеуеті мен 25 жылда жеткен жетістіктері таныстырылды.

Ақтөбе — республикадағы өндірісі дамыған, өсім қарқыны жоғары, экономикасы әртараптандырылған аймақ. Тоғыз жолдың торабындағы өңір арқылы «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» халықаралық көлік дәлізі, теміржол желілері өтеді. Олардың бойында сервистік қызмет көрсету орындары ашылып, тұрғындар жұмысқа тартылды. Облыс басшылығының өкілдері инвестиция тартуға қолайлы өңірдің жағрафиялық әлеуетін баяндады.

Ширек ғасырда Ақтөбе облысының халқы 100 мың адамға көбейді. Экономикасы қарқынды дамып, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 8,5 млн.теңгеден 1 трлн-ға дейін өсті. Тұрғын үй қоры 2 есеге ұлғайып, мыңдаған тұрғын баспаналы болды.

Айтып өтейік, «Туған жер» форумы болады дегеннен бұрын арнайы облыс энциклопедиясы жасақталған болатын. Оған осы өңірден шыққан, бүгінде әр салада өзіндік қолтаңбасы бар азаматтардың есімдері жазылған. Бүгінгі жиында кітаптың салтанатты түрде тұсауы кесілді. Бұдан бөлек, қаладағы жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері таныстырылды. Студенттер жасыл экономиканы дамытуға бағытталған тың жобаларын көрсетті. Арайлы Ақтөбе туралы суреттелетін театрландырылғанқойылым ұсынылды.

Жұлдыз Алмасқызы

источник