Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Cambridge сертификаттары иелеріне табысталды

Cambridge сертификаттары иелеріне табысталды

Қала мектептерінің педагогтары мен оқушыларына халықаралық Cambridge сертификаттарын ресми тапсыру бүгін аталып өтті, деп хабарлайды City04.kz.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім Департаментімен, Cambridge Assessment English және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасындағы меморандум аясында, 2018-2019 оқу жылы Қазақстан Республикасында орта білім беру мектептерінің 3 және 8 сыныптары оқушыларының арасында халықаралық Cambridge (YLE, PET) емтихандары бойынша оқыту және емтихан тапсыруға дайындау бойынша «50 пилоттық мектеп» жобасы іске қосылған болатын.

Осы 50 мектептің қатарына Ақтөбе қаласының 4 мектебі — №21, 24, 11, 31 мектеп кірген болатын. Ағымдағы жылдың мамыр айында 3 және 8 сыныптары оқушыларының арасында халықаралық Cambridge (Young Learners А1 Movers, B1 Preliminary for Schools) емтихандары өткізілді.

Осыған байланысты, 17 қыркүйекте халықаралық емтихандардың нәтижелері бойынша Ақтөбе қаласы мектептерінің педагогтары мен оқушыларының арасында Cambridge сертификаттарын ресми тапсыру болады.

ҚР Президенті К.Тоқаевтың «Құрылымды қоғамдық сұхбат – Қазақстан тұрақтылығы мен көркеюінің негізі» тақырыбындағы Жолдауын іске асыру аясында, педагог мәртебесін арттыру және әріптестік туралы Меморандумдарды іске асыру мақсатында әлеуметтік серіктестер Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ ректоры, ф.ғ.д., профессор Б.А.Ердембековтің, «Өрлеу» НЦПК» АҚ Ақтөбе филиалы директоры, ф.ғ.к. Н.М.Әбішеваның, «Ақтөбе қаласы Білім бөлімі» ММ басшысы С.С.Сулейменовтың, сонымен қатар Ақтөбе облысы білім беру ұйымдарының директорлар корпусының қатысуымен салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді.

 

https://www.city04.kz/news/2514519/cambridge-sertifikattary-ielerine-tabystaldy