Четверг, Апрель 25, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ел аймақтарынан келген делегаттар жобалық кеңсенің жұмысымен танысты

Ел аймақтарынан келген делегаттар жобалық кеңсенің жұмысымен танысты

«Туған жер» Республикалық форумына еліміздің өзге өңірлерінен делегаттар және министрлік өкілдері келді. Олар Ақтөбеде әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсарту бойынша жасалып жатқан тың жобаларды көрді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан істерді білді. Оның ішінде жобалық кеңсе жұмысымен танысты. Жобаларды жүзеге асыру жолдарын үйрену жөнінде пікір алмасты.

Ақтөбе облысының жобалық кеңсесі, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын. Негізінен, «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» бағыттары бойынша жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін жалпы құны бірнеше млрд теңгені құрайтын 50-ден астам жоба жүзеге асырылған.

Бүгін жобалық кеңсе жұмысымен, «Туған жер» форумына келген өзге өңірлердің делегаттары танысты. Олардың арасында, бірқатар облыс және қала әкімдерінің орынбасарылары мен басқарма басшылары бар. Осында қызмет ететін облыстық мәдениет, ішкі саясат, білім және тілдерді дамыту басқармаларының өкілдері меймандарға Елбасы тапсырмасы аясында атқарылып жатқан істерді баяндап берді. Оның арасында, «100 жаңа есім», «киелі тарихи орындар» бағытындағы жұмыстар да баршылық. Қазір, кеңсе тәжірибесі аудандарға да таратылуда.

Жобалық кеңсесі Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің инновациялық технология паркінің жанында орналасқан. Қонақтар назарынан инновациялық технология паркі де тыс қалмады.

Жалпы, Елбасының бағдарламалық мақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыруда ақтөбеліктерден үйренеріміз көп дейді ел аймақтарынан келген делегаттар. Жалпы, мемелкеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінен тәжірибе алу үшін алдағы уақытта тығыз байланыс орнатпақ ниетте.

Әнуарбек Мырзатайұлы