Пятница, Апрель 19, 2024
Басты > Жаңалықтар > Университетте семинар өтті

Университетте семинар өтті

Бүгін Жұбанов университетінде профессор «Құдайберген Жұбанов» атындағы конференция залында  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Өрсариев Арын Амангелдіұлы «ЖОО-ның кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мүмкіндіктері – идея мен стартаптарға дейін» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.

Аталмыш семинарға университет басшылары мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Семинар жұмысын университет ректоры Бауыржан Аманкелдіұлы Ердембеков ашты. Семинар барысында Арын Амангелдіұлы кәсіпкерлік білім беру мәселелері, оқу жоспарын жаңғырту, кәсіпкерлікке арналған университеттерді қолдау орталықтарын құру,  университеттік кәсіпкерлікті қолдау үшін азаматтық инстинкттерді тарту, іскерлік іс шаралар туралы сөз қозғады.

Мұнымен қоса, тренер қатысушыларға мәселелерді дұрыс анықтау жолдарын, басты міндетті қалыптастыру және белгілі бір мақсатқа жетудің әдістері турасында әңгімелеп берді.