Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбеде Амангелді Айталының 80 жылдық мерейтойы тойланды

Ақтөбеде Амангелді Айталының 80 жылдық мерейтойы тойланды

Юбилей известного казахстанского ученого отметили в Актобе

Белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы 80 жасқа толды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ол 100-ден астам ғылыми мақала мен бірқатар монографиялардың авторы. 1999-2007 жылдар аралығында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Тәуелсіз елдің мемлекеттік тілі, діни сенім бостандығы, білім беру жүйесінің дербестігі туралы талай мәрте халықаралық жиындарда мәселе көтерді. Бірқатар елдермен парламентаралық байланыстарға өз үлесін қосты. Философия ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Әбдірахманұлының 80 жылдық мерейтойына есімі елге танымал көптеген мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақын-жазушылар, өнертанушылар келді. «Кітап, ұстаз,ғалым» атты кітап көрмесіне қатысып, меймандар мерейтой иесі туралы «Хабар» агенттігі дайындаған деректі фильмін тамашалады. Мерекелік шара барысында, ғалымның «Рухани кемелдік» кітабының тұсаукесері өтті. Ал, ғылыми кеңесте Амангелді Айталының ел мен қоғамға сіңірген еңбегі кеңінен айтылды.

Бәкір Әбдіжәлел, қоғам қайраткері:

— Біз тәуелсіз елге жеттік. Бірақ, тәуелсіз сана әлі бізде қалыптасқан жоқ. Бұл мәселе де Айталының жазып келе жатқан мәселесі. Айталының айтары жеткілікті адам, Айталы ақиқатты сүйетін адам. Кешелі бүгінгі тойға Шымкенттен, Астанадан, Алматыдан, көрші облыстардан келіп жатыр. Бұл республикалық той болып жатыр. Оған Айталы лайықты.

Мейірхан Ақдәулетұлы, ақын:

— Біздің әлеуметтік салада, қазақ әлеуметінің өмірі, жалпы ұлттың тарихы, ұлттану деген мәселелерде бұл кісі теңдесі жоқ үлкен мәселелер жасады. Біздің бәріміздің мойындағанымыз – Амангелді Айталы қазақтың үлкен ірі тұлғасы.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/bilim-zh-ne-ylym/item/342685-a-t-bede-amangeldi-ajtaly-80-zhyldy-merejtojy-tojlandy