Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Ақтөбенің сымбатты жігіті анықталды

Ақтөбенің сымбатты жігіті анықталды

Ақтөбенің сымбатты жігіті анықталды

Ақтөбеде «Мистер виртуал – 2019» атты байқау ұйымдастырылды. Қаланың сымбатты жігіттерін жинаған байқауға 18-25 аралығындағы сері жігіттер қатысты. Байқаудың бас жүлдесін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің студенті Қайрат Бахытжанов иеленді.

Әлеуметтік желі арқылы ұйымдастырылған байқауға 10 жігіт қатысты. Екі кезеңнен тұратын байқау дауыс беру арқылы анықталды. Үздік деп танылған төрт жігіт жүлделі орындарға ие болды.
-Республика бойынша осындай байқаулар бар. Бірақ бұл біздің қаламызда бірінші рет ұйымдастырылып тұр. Осыған дейін қыздар арасында «Мисс виртуал- 2019» ұйымдастырылған еді. Енді осы байқауды жігіттер арасында ұйымдастырып көрдік. Қала тұрғындары жабық парақшада жігіттерімізге дауыс берді. 800 дауыс жинаған Қайрат Бахытжанов «Мистер виртурал-2019» атағын иеленді. Бұл байқау арқылы біздер сұлулықты, үйлесімділік пен жеке тұлғаның мінсіздігін насихаттауды мақстат тұттық. Жастар арасындағы гуманистік көзқарасты қалыптастыру, эстетикалық талғамға үйретуді жоспарладық,-дейді Ақтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Жандос Табылғанов.

Ақтөбенің сымбатты жігіті анықталды

Байқау нәтижесінде екінші орынға ие болған Алтын-Айдар Жомартұлы қатысушылар арасындағы ең үлкені. 25 жастағы сері жігіт байқауға қарындасының өтінішімен қатысқан. Ырғыз ауданының тумасы мүмкіндік болса алдағы уақытта осындай байқауларға қатысып тұратынын жеткізді.
-«Тарлан» колледжінің түлегімін. Бұл байқауға қарындасым арқылы қатыстым. Бүгәнгі таңдак мамандық бойынша жұмыс жасап жатқаным жоқ. Осының алдында дәл осындай байқауларға қатысып көрмеппін. Таныстарып таңырқай қарады. Осындай байқауға қатысатынымды күткен жоқ. Үйдегілер екінші орын жарайды деп қанағат тұтты. Бірінші орынға талпынуға уақыттың тығыздығы кедергі болды,-дейді Алтын-Айдар Жомартұлы.
Ал, байқаудың бас жүлдесмін қоржынына байлаған Қайрат Бахытжанов талай рет осындай байқауларды топ жарып жүр. Өзіне сенімді жігіт ата-анасының қарсылығына қарамастан байқауда бақ сынады. Биология мамандығында білім алып жатқан студент болашақ жоспарымен бөлісті.
-Оқу бітіргеннен кейін ауылға барып жұмыс жасағым келеді. Биология маманлығы бойынша білім алып жатырмын. Өзім Мәртөк ауданының тумасымын. Өзіме деген сенімділігім осындай байқауларға қатысуға мүмкіндік береді. Жаспын, таланттымын, жеңетініме 100 пайыз сенімдімін. Достарым, таныстарым үнемі қолдау білдіреді. Ата-анам керек емес деп салғырттық танытады. Бірақ оны дәлелдеу үшін жеңіп шығуға тырысамын,-дейді байқау жеңімпазы Қайрат Бахытжанов.

Ақтөбенің сымбатты жігіті анықталды

Айта кетейік, жүлдегерлерлің қатарынан Серікболсын Қуанышев пен Аспандияр Тлеумбетов де болды. Жеңімпаздарға диплом мен спорт дүкеніне сертификаттар табысталды. Алғаш рет ұйымдастырылған байқау келесі жылы да жалғасын табатын болады.

Ақтілек ОРЫНБАСАРОВА
kerekinfoaktobe@gmail.com