Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Отандық тарихтағы ұлы тұлғалардың рөлін талқылады

Отандық тарихтағы ұлы тұлғалардың рөлін талқылады

25 қыркүйек күні Жұбанов университеті мен Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен бірігіп тарих факультетінің ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасын өзектендіру бойынша аналитикалық талдау, таңдау критерилерінің ғылыми негіздемелерін жасау мен ақпараттық сүйемелдеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отандық тарихтағы ұлы тұлғалардың рөлі мен орны» атты республикалық дөнгелек  үстел өткізді.

Ғылыми шараға  Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ә.Қ.Шашаев, аталмыш институттың ғылыми қызметкерлері А.Т.Қайыпбаева, З.Б.Байжұманова, М.Т.Моряковалар өздері айналысып жүрген мемлекеттік бағдарлама төңірегінде жан-жақты баяндамалар жасады және бірлесіп жұмыс істеу мүмкіншіліктері төңірегінде ұсыныстарын айтты.

Өз кезегінде Жұбанов университетінің тарихшы ғалдымдары Ұ.Ш.Исмағұлов, Г.Б.Ізбасарова,  Д.Қ.Әбенов, Г.Ы.Купеновалар және тағы да басқа тарихшылар  өз баяндамаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының университет қабырғасында жүзеге асырылуы барысы, тарихтағы ұлы тұлғалар мәселелерінің зерттелуі, бағалануы жайында сөз қозғап, ой-пікірлерін ортаға салды.

 Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдар, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер қатысты.