Пятница, Март 29, 2024
Басты > Жаңалықтар > Медальдар саны молайды

Медальдар саны молайды

Осы жексенбіде таңертеңгі 8-де мыңнан астам ақтөбеліктер қаладағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағына жиналды. Күзгі жарыс әр жыл сайын спорт пен салауатты өмір салтын сүйетіндерді жинайды.

Жұбанов университетінің өкілдері дәстүрлі түрде қалалық марафондарға қатысып, жүлделі орындарға ие болады, бірақ бұл жолы спорттық шараға Жұбановшылар командасы белсенді қатысты. Аталған жарыста 300-ге жуық құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері, профессорлық-оқытушылық құрам  мен студенттер өздерінің күштерін сынау үшін бой көрсетті.

Олардың қатарында ректорат аппаратының  басшысы Ғафур Борамбаев та бар. «Бұрын спортшы болдым, ұзақ үзілістен кейін өз күшімді сынауға шешім қабылдап отырмын»,- деп бөлісті.50-59 жас аралығындағы марафонның тағы бір қатысушысы, қалалық жарысқа алғаш рет қатысқан «Бейнелеу өнері және кәсіптік оқыту» кафедрасының  меңгерушісі Мергембай Кургамбеков, келесі жылы ол 5 км емес, 10 км қашықтықта жүгіретініне сендірді.Кәсіби шығармашылық факультетінің 1 курс студенті, 5 км қашықтықта екінші орынды иеленген Юлия Андреева бұл оның бірінші жарысы емес екенін айтты: «Мен Хромтау қаласындағы марафондарда екі жыл қатарынан жеңіске жеттім, мен осы жерге жеңіске жететініме сеніп келдім», — деп бөлісті студент.

Жарыс қорытындысында университеттің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Әсемгүл Сарсенбаева — 1 орынға (10 км), техникалық факультеттің студенті Батырбек Ақан — 2 орынға (10 км), «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Гульфина Гатаулина — 3 орынға (5 км) ие болды. Ал, дәстүр бойынша марафонның жетекшілері «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары Айбек Ғабдуллин  1 орынды жеңіп алса,  Шыңғыс Төлеуов  2 орынға ие болды.

Аталған жарыс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және медальдармен марапатталды.