Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Халықаралық туризм күніне арналды

Халықаралық туризм күніне арналды

27 қыркүйек — Халықаралық туризм күніне орай  Жұбанов университетінің тарих факультетінде «География және туризм» кафедрасы оқытушылары Айжарқын Нұрғазина мен Мирослава Өмірзақовалардың ұйымдастыруымен қалалық деңгейдегі «Келешегі кемел – туризм» шара өткізілді.

Аталмыш шараға №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының, №3 орта мектебінің, №21 мектеп–гимназиясының 9-11 сынып оқушылары және «Қалалық жас туристер станциясы» кәсіпорынының директоры А.Бекбергенова, «Жас Отан» жастар қанаты төрағасының орынбасары М.Мұстафин және «ЗереТур» турфирмасының директоры Б.Крамбаева арнайы қатысты.

Аталмыш іс — шара кезінде оқушылар мен студенттердің қатысуымен  «Мен туризм мамандығын не үшін таңдадым?» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Туризмнің белсенді түрлерінің техникасы мен тактикасы» тақырыбында мастер–класс көрсетіліп, студенттер мен оқушылар арасында туристік байқау ұйымдастырылды. Туристік ойындар байқауында «Түймедақ» ойыны, «Айдаһар» ойыны, «Су құйғыш» ойындары ұйымдастырылып, 2 этап бойынша бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша  университеттің «Туризм» мамандығының құрама командасы – гран приді иеленсе, жүлделі 1 орынды  №24 лингвистикалық мектеп–гимназиясы, 2 орынды  №3 орта мектебі және 3 орынды  №21 мектеп – гимназиясы иеленді.

Тарих факультеті