Пятница, Апрель 26, 2024
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінің студенті Тұңғыш Президент Қорының стипендиаты атанды

Жұбанов университетінің студенті Тұңғыш Президент Қорының стипендиаты атанды

Жуырда Алматы қаласында өткен  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының студенттік стипендиясына арналған республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталды. Биыл 350-ден астам өтінім арасынан конкурстық комиссия 80 жеңімпазды таңдады. Жаңа стипендиаттар Caspian University концерт залында құрметке ие болды. Оларға ай сайынғы стипендиялар мен төсбелгілер берілді және олардың әрқайсысы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының стипендиаты» мәртебесін алды.

Айта кетейік, байқаудың тоғыз жылдық тарихында 639 адам Елбасы Қорының шәкіртақысына ие болды. Оның негізгі мақсаты – жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындары күндізгі бөлім студенттерінің оқу, ғылым мен шығармашылық жұмысын насихаттау. Сайыс екі турдан тұрады. Бірінші кезең оқу орнында өткізіледі. Екінші кезеңде үміткерлердің өтінімдері Тұңғыш Президент Қорының конкурстық комиссиясына түседі, онда нақты жеңімпаздар анықталады. Олардың қатарында Жұбанов университетінің тарих факультетінің 4-курс студенті Мажит Құлтанов та бар.

«Тұңғыш Президент Қорының шәкіртақысы — менің оқудағы жетістіктерімнің мойындалуы. Өз педагогтарымның арқасында мен маған берген үздік білімді көрсетіп, осындай нәтижелерге қол жеткіздім. Жастар жылында бұл дарынды жас қазақстандықтар үшін ерекше қолдау. Біздің әрқайсымыз өзіне және өз жоғары оқу орны  үшін мақтаныш сезімін сезініп қана қоймай, сонымен қатар жауапкершіліктің үлкен жүгін түсініп, тәуелсіз Қазақстан болашағының нағыз «құрылысшылары» болуы үшін одан әрі жақсы оқып жүргеніне сенімдімін!», — дейді шәкіртақы иегері.

Еске сала кетейік, 2010 жылдан бастап жыл сайын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры студенттердің стипендиясына конкурс өткізеді. Оған Қазақстан Республикасының жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі бөлім студенттері қатыса алады.