Суббота, Апрель 20, 2024
Басты > Жаңалықтар > Қымбатты университет ардагерлері!

Қымбатты университет ардагерлері!

Бүгін қалыптасқан дәстүр бойынша бүкіл әлемде қарт адамдар күні аталып өтеді. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған.

Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Кейінгі буын да өз кезегінде алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді.

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.  Аға буын адамдары –біздің ерекше мақтанышымыз, өйткені олардың көпшілігі өз еңбек қызметін аяқтап, жастарды тәрбиелей, құнды өмірлік тәжірибесін сақтай және бере отырып, белсенді қоғамдық өмірін жалғастыруда. Сіздердің даналық пен тәжірибелеріңіз біз және біздің жастар үшін құнды. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың облыстың өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.

Қадірлі ардагерлер!

Баршаңызды шын жүректен даналық пен ізгіліктің мерекесі – Қарттар күнімен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, баянды бақыт тілейміз.

Сан жылдар бойы еліміздің даңғыл болашағы жолындағы адал еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!