Пятница, Март 29, 2024
Басты > Құттықтаулар > Қадірлі ұстаздар!

Қадірлі ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әлемдегі ең асыл мамандық иесі — Мұғалім. Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолдарын қалыптастыруда ең қажетті білімді бересіздер.

Сіздердің қажырлы, құрметті, жауапты жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіремін. Оқушылардың әрқайсысына деген мейірімділік, парасаттылық және кәсібилік сіздерде жеткілікті, сонымен қатар оларға деген махаббаттарыңыз жүректеріңізден өшпесін. Біздің өмірімізде әрқайсымыздың білімге деген құштарлығымызды оята білген Ұстазымыз бар десек, оларға өмір бойы алғыс білдіру маңызды деп есептеймін. Сыныпта отырған әр оқушы өзін дарынды, ақылды және ерекше бала екенін сезіне білсе, мұны мұғалімнің таланты деп білуіміз керек. Біздің елімізде талантты ұстаздар өте көп, олардың арқасында еліміз үлкен жетістіктерге жетуде.

Қымбатты әріптестер, Сіздерге денсаулық, бақыт, шығармашылық табыс пен оқушыларыңыздың жоғары жетістіктерге жетуін тілеймін.
Ең бастысы, біздің сүйікті еліміз гүлденіп дами берсін!

Асхат Аймағамбетов

ҚР Білім және ғылым министрі