Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Еңбек күні, Мұғалімдер және Кәсіподақтар күні мерекелеріне орай «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұстаздық – өлшенбейтін ұлы кәсіп» тақырыбында салтанатты шара өтті.

Шараның құрметті қонақтары ретінде «Ақтөбе облысының кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің, «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, «Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының, Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының және Ақтөбе қалалық білім бөлімінің өкілдері шақырылды.

Салтанатты шара барысында 150-ден астам білім және ғылым қызметкерлері марапатталды: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен 5 ұстаз, «Ы.Алтынсарин» төс белгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен, 5 әлеуметтік серіктестер (білім мекемелерінің директорлары) және 2 білім кәсіподағының ардагері облыстық кәсіподақ есебінен республика шипажайларында демалу Сертификаттарымен марапатталды. Жұбанов университетінің 35 профессорлық-оқытушылық құрамы – кәсіподақ мүшелері Салалық және Облыстық кәсіподақ ұйымдарының Құрмет грамоталарымен, сыйлықтармен марапатталды.

Жылдағы дәстүрге сәйкес 50 үздік ұстаздар бастауыш кәсіподақтар ұйымдарының, аудандық білім бөлімдері мен білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының берген ұсыныстары бойынша Ақтөбе облысының білім басқармасы мен Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының бірлескен Құрмет грамотасымен және күзгі каникулы кезінде облыстық кәсіподақ есебінен «Көктем» шипажайында демалу сертификаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар, 27 кәсіподақ мүшесі – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары Құрмет грамоталармен және облыстық кәсіподақ есебінен «Зәру» пантосауықтыру шипажайына демалуға Сертификаттар табысталды.

Салтанатты шараға барлығы 200-ге жуық кәсіподақ мүшесі шақырылды.