Вторник, Октябрь 15, 2019
Басты > Жаңалықтар > Жұбанов университетінде ғылымның дамуы талқыланды

Жұбанов университетінде ғылымның дамуы талқыланды

Бүгін Жұбанов университетінде Ғылыми-техникалық кеңестің 2019-2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Басқосуда құрылымдық бөлімшелер мен факультеттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылым дамуындағы әлемдік үрдістер мен университет мүмкіндіктері, Жұбанов университетінің ғалымдарының республикалық және халықаралық ғылыми жарыстарға, жобаларға, байқауларға қатысу туралы мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, ғылыми-техникалық кеңес барысында дипломдық жобаларды, магистрлік және докторлық диссертацияларды қорғау, рецензенттер мен оппоненттерді талқылау мен бекіту, ғылыми жобалардың тақырыптарын жаңарту мәселелері талқыланды.

Кеңес отырысында университеттің Ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор Рахым Бекназаров жиналғандарды мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға, құрметті атақтарға ұсыну, оқу құралдарын шығаруды қарастыру мен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын тағайындау туралы баяндады.

Кеңес отырысына университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, жас ғалымдар кеңесі мен студенттік ғылыми қоғам мүшелері қатысты.