Пятница, Март 29, 2024
Басты > БАҚ біз туралы > Жұбанов университетінде шет елде білім алу маусымы ашылды

Жұбанов университетінде шет елде білім алу маусымы ашылды

Тілді үйрен де шетелде білім ал. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде шетелде білім алу маусымы ашылды. Былтырдан бері жемісін беріп келе жатқан жоба биыл да жалғасын таппақ. Жоба бойынша Қытай, Ресей, Польша, Түркия, Латвия, Қырғызстан, Корея елдерінің жоғары оқу орындарымен келісім-шарт жасалған. Студенттер бұл елдердің жоғары оқу орындарында 6 айдан 1 жылға дейін білімдерін жетілдіре алады. Тек ынта мен тілді жетік меңгерсе болғаны. Аталмыш бағдарлама бойынша бір жылда 373 студент білім алған. Басым бөлігі түрік елін таңдапты. Оқытушылар тілді еркін меңгеру әрі туыстық қарым-қатынас рөл ойнаса керек дейді. Сондықтан ағылшын тілін жақсы меңгерген жастарға Корея, Польша мемлекеттерінде білім алуға ұсыныс тасталған. Дегенмен соңғы шешім таңдаушының өзіне беріледі. Жобаның ұтымды жері студент екінші рет қайта қатыса алады. Яғни шет тілін меңгерген жас 4 жылдың ішінде үш мемлекетте білім алуына болады. Сол себепті биыл бірінші курс студенттеріне де көбірек басымдық берілді. Тағы бір ұтымды ьұсіжастар оқуды аяқтаған соң қос диплом ала алады.

http://www.rikatv.kz/kz/news/zh-banov-universitet-nde-shet-elde-b-l-m-alu-mausymy-ashyldy.html